Жаңалықтар

Орталық Азияның медиасын трансформацияландыру жұмыстары қарқынды жүріп келеді

Орталық Азияның медиасын трансформацияландыру жұмыстары қарқынды жүріп келеді
Фото: El.kz 21.12.2022 13:05 1696

Әлемде 30 миллионнан астам адам креативті индустрия саласында жұмыс істейді. Дамыған нарықта 80% қызметте техникалық инновация қолданылып, 2020 жылдан бастап жанды қызмет 1,8%-ға төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Орталық Азияның медиасын трансформацияландыру жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Жаңа кезеңге көшуді балаларды әлеуметтендіруден бастау қажет, дейді эксперттер. Форумның кезекті сессиясында шетелдік балаларға арналған контенттерді қазақ тіліне дубляждау мәселесі талқыланды.

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Nickelodeon» американдық кабельдік және спутниктік телеарнасының контенті осы жылдан бастап 100% қазақ тілінде көрсетіледі. Келер ұрпақты әлеуметтендіру үшін биылдан бастап біздің арнамызда мультфильмдерден бөлек, сериалдар жарық көрді. Жанды актерлер арқылы бала санасына үлкен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырамыз. 300ден астам контент кішкентай көрермен назарына ұсынылды», - дейді ТМД және балтық елдеріндегі Paramount компаниясының балалар және ойын-сауық брендін дамыту жөніндегі вице-президенті Мария Косарева.

Шетелдік телеарна өкілдері Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар қалаларында зерттеу жүргізген. Нәтижесі бойынша «Nickelodeon» арнасын 38% отбасы қараса, отандың «Балапан» арнасын 20% шаңырағында қосулы. Осы ретте шетелдік мультисериалды қазақ тіліне аудару қажеттілігі туындайтынан атап өтті.

Форумнан кейін ютуб желісінде балаларға арналған контенттің өкілдері «Astana Hub»-та келісім шарт құру мәселесі қарастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға