Жаңалықтар

Орталық Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері СІМ-де талқыланды

Орталық Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері СІМ-де талқыланды
Фото: t.me/pressmfakz 21.02.2024 02:22 832

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас хатшысының жаңадан тағайындалған арнайы өкілін – БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша Өңірлік орталығының (ОАПДӨО) басшысы Каха Имнадзені қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ мәліметінше, ол ОА елдері бойынша өзінің туры шеңберінде Қазақстанға келді.

Тараптар Орталық Азияның өсіп келе жатқан рөлін, өңірдегі трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелерін, Орта дәлізді, Қазақстанның және жалпы Орталық Азияның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуды, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін превентивті дипломатия құралдарын дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға