Жаңалықтар

Орталық Азия мен Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшылары бірінші рет Алматыда бас қосты

Орталық Азия мен Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшылары бірінші рет Алматыда бас қосты
Фото: akorda.kz 23.06.2023 17:22 1364

Орталық Азия елдері және Ресей Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиын қатысушыларына арнаған өзінің бейнеүндеуінде біздің аймақ үшін қазіргі жағдайда тұрақтылықты сақтау және қауіпсіздікті нығайту аса маңызды міндет екенін атап өтті.

Ол үшін ықтимал қауіпке дұрыс болжам жасау, алдын ала әрекет ету шаралары және жаңа әрі сапалы ортақ әдістерді жедел әзірлеу маңызды.

Жиын барысында қазіргі халықаралық жағдайды және аймақтағы елдердің ұлттық мүдделерін ескере отырып, ынтымақтастықтың нақты салалары қарастырылды.

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға атсалысу, көлік және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-әрекеттердің басым бағыттарын ұсынды.

Климаттың өзгеруі жағдайында ортақ экожүйені сақтау үшін су қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ осы күні Ғизат Нұрдәулетов пен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңесі аппараттарының арасында жоспарлы екіжақты кеңесу шарасы өтті.

Оған тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Тараптар Орталық Азияда терроризм мен діни экстремизге қарсы іс-қимыл саласындағы іс-әрекеттерді талқылап, қазіргі геосаяси жағдайға баға беріп, пікір алмасты.

Орталық Азия мен Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшылары бірінші рет Алматыда бас қосты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға