Орталық Азия форумы Түркі халықтарын жақындастырады - Гюнай Эфендиева
«Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі» панельдік сессиясында сөз алған Халықаралық түркі мәдениеті және мирасы қорының басшысы Гюнай Эфендиева бұл форум Түркі халықтарын бір-біріне жақындастыратындығын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Біз Түркі халықтар арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайтып, қарым-қатынас пен бейбітшілікті тұрақты дамытамыз. Орталық Азия – Түріктің жалпы әдебиетінің орталығы болып табылады. Мәдени құндылықтар қалдырған ғаооымдар осы жерде өмір сүрген. Әл-Фараби, Абай Құнанбаев және тағы басқа тұлғалар белгілі. Олар осы жерде өз туындыларын жасады. Көптеген халықтың өкілдері бар. Сол уақытта қиыншылықтарға төзе білді. Қазіргі уақытта біз өз әлеуетімізді дамыту үшін және ынтымақтастық аясында бірлесіп жұмыс жасауға жұмсаудамыз», - деді ол.
Сондай-ақ, спикер бұл бағытта халықаралық ұйымдардың да рөлін атап өтті.
«Біз мәдени байланыстарды дамыта отырып, Түрік әдебиетінің біріңғай жұмысын жандандырып, әлемге Түрік мәдениетін таныстыру басты мақсатымыз. Рухани құндылық үлкен байлық болып табылады. Бірінші кезекте өзіміздің құндылықтарды әспеттеп, ұрпаққа қалдыруымыз қажет.», - деп атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Орталық Азия медиа форумының екінші күні.