Жаңалықтар

Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады

Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады
Фото: ksm.kz 17.02.2023 14:23 1286

Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «ҚазСтандарт» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселе Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен Қырғыз Республикалары арасындағы Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі жөніндегі кіші комитеттің жетінші отырысында талқыланды.

«HUB өңірлердің тұтынушыларын контрафактілік және қауіпті өнімдерден қорғайды, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан тауар өндірушілері үшін өзара жеткізілетін өнім экспортын және Азия өңірі елдеріне экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «ҚазСтандарт» РМК бас директоры Ғабит Мұхамбетов.

Сонымен қатар, тараптар айналымдағы өнімді сынау нәтижелерін өзара тану, стандарттарды бірлесіп әзірлеу, метрологиялық қамтамасыз етуді дамыту мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға