Жаңалықтар

Орталық Қазақстандағы ортағасырлық қалашықтар

Орталық Қазақстандағы ортағасырлық қалашықтар
15.09.2021 15:49 9210

 

Қазақстанның Солтүстік далалы аймағындағы тарихи ескерткіштер мен қатар ортағасырлық қалашықтардың тарихы әлі де зерттеуді қажет етеді. Орталық Қазақстанды мекен еткен отырықшылардың мәдениеті мен тұрмыс-салты әлі күнге дейін зерттеліп жатыр. Осындай кезекті зерттеу еңбектердің бірі – «Ұлытау-Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени ескерткіштері» еңбегіне сүйене отырып, Ұлытау мен Жезқазған аудандарынан табылған ортағасырлық қалашықтар туралы аз-кем мағлұмат бергенді жөн көрдік.

 

Қазақстандағы орта ғасырлық мәдениет жете зерттелмеген. Солардың бірі Орталық Қазақстандағы отырықшылардың мәдениеті. Бұл мәдени қабатты зерттеу 1930 жылдардын басында басталған. Атақты археолог М. Грязнов «Қазақстан тайпаларының біркалыпты зерттелуі кейбір қате жағдайларға қате қорытындыларға соқтырады» деген.

 

Қазақстанның Солтүстік далалы аймағындағы тарихи ескерткіштерді жүйелі түрде зерттеуінің нәтижесінде кейінгі уақытта құнды ғылыми материалдар жинақталды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Сырдария мен Қаратау өңірі, Орталық Қазақстанның таулы және өзенді аудандарынан отырықшы мәдениеттің қалдықтары табылды. Орталық Қазақстаннан кола дәуірінен орта ғасырларға дейін өмір сүрген өркениет қалдықтары табылып, зерттеліп жатыр.

 

Кеңгір және Сарысу өзендерінің бассейнінен, Ұлытау және Жезқазған аудандарынан табылған орта ғасырлық қалашықтар отырықшы мәдениеттің, суармалы жер шаруашылығының дамығандығының дәлелі. Тұрақтар негізінен тастан, саз балшықтан тұрғызылған. Отырықшы мәдениеттің сақталып қалған іздерінің ең елеулісі Ұлытау ауданындағы Арғанаты тауындағы Домбағұл қалашығы. Бұл қалашық орта ғасырлық Орда-Базар қаласынан үлкен. Орда-Базарда 30 жыл Дешті-Қыпшақ ханы Әбілқайыр өз теңгелерін соқты. Тағы бір құнды мәлімет беретін тарихи орын Ұлытаудың солтүстік бөктеріндегі Қаратал озенінің жағалауындағы Алаша хан қалашығының орны. Сонымен қатар мықты қорғантас мұнаралары болған Нөгербек дарасы және Басқамыр бекіністерін, Жезді өзеннің жағалауындағы Аяққамыр мавзолейінің жанындағы қалашықты, Жошы хан кесенесі маңындағы бекініс орнын айтуға болады. Бұл елді мекендер Орталық Қазақстанда пайда болған, ал осы жерді мекендеген қыпшақтар, қаңлылар және ХV- ХVIІІ ғғ. қазақтар үшін жартылай мал шаруашылығы, суармалы жер шаруашылығы тән. С.П.Толстов «Орта Азиялық қалаларды қалыптастыруда көшпелілер зор үлес қосты және екі шаруашылықтың үштасуы қала мәдениетінің пайда болуына әкелді» - дейді.

 

Орталық Қазақстанның орта ғасырлық тарихы бойынша археологиялық деректер-қоныс, бекіністер, қалашықтар. Қазақ тарихының ортағасырлары сонау түркілер дәуірінен бастап, қимақ, Дешті-Қыпшақ мемлекеті, одан кейінгі монғол шапқышнылығын басынан кешірген, қазақ хандығы құрылған дәуірді қамтып, жалпы алғанда ХVIIІ ғасырлармен тәмамдалады. Ортағасырлық Қазақстанның осы аралықтарындағы өзіндік тұрмыс-тіршілігі бар рулардың қоныс-бекіністері қалаларына ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді.

 

Топографиялық орналасуы бойынша – Сарысу, Кеңгір, Жезді, Торғай, Нұра өзендерінің бойында орналасқан. Бұлай орналасуында да өзіндік бір ерекшелік бар еді. Ол, біріншіден өзен аңғары, судың жағасы болса, екіншіден, ежелгі меридианды көшіп-қону жолдарымен қыстаулардан жайлауға көшу жолдарында кездеседі. Тағы бір айта кететін мәселе, бұл сауда жолдары болатын. Көне дәуірлерден-ақ батыс пен шығысты жалғастырып, байланыстырып жаткан «Жібек жолы» Түркістан, Сығанақ қалаларынан бір жол Сарысу, Кеңгір, Нұра өңірлеріне әкелсе, келесі бір жол Оңтүстік Оралға апарады.

 

Орта ғасырда ІХ-ХІІ ғасырларды бұрынғыша Жібек жолы батыс пен шығысты жалғастырып тұрды. Испиджафтан шыққан жоя Сығанақ арқылы сауда жолдары Қаратаудың солтүстік сілемдеріне түсті, осы жолдар Бетпақ дала арқылы Дешті-Қыпшаққа жетті. Осы жол торабы Сарысуға, Ұлытау етектеріне, Ертіс өзендерінің бойына дейін жететін. Бұл сонау жол торабын әңгіме етіп отырған себебіміз де, Орталық Қазақстан орта ғасырлардағы әлемдік өркениеттің бір бөлігі болып табылады. Кез келген тарихи дәуірдің өз дамуы, өркениеттік белгілері болды десек, орта ғасырға сай өзіндік шаруашылығын, әлеуметтік құрылысын, колөнерін қалыптастырды. Бұған археологиялық қазба жұмыстары натижесінде, ертедегі саяхатшылардың, жылнамашылар деректерімен көз жеткізуімізге болады. Opтaлық Қaзaқстaнның IХ-ХI ғғ. Oтыpықшы мәдениетiнiң oшaқтapы туpaлы Ибн-әл-Фaких, белгiсiз aвтopдып «Худуд әл-aлaм» еңбегiнде, М.Қaшқapи және т.б еңбектеpiнде жaзылғaн. Apaб геoгpaфы Әл-Иapиси қимaқтapдың 16 қaлaсы бoлғaн, oлap сaудa жoлдapындa, өзен, көлдеpдiң жaғaлaулapындa, тaулы aймaқтapдa және кен көздеpi бap жеpлеpде opнaлaсқaнын жaзaды. Aстaнaлық дәpежеге ие бoлғaн Хaкaн қaлaсы сoнымен қaтap мaңызды сaудa opтaлығы бoлды. Қaлa темip қaқпaсы бap, биiк дуaлдapмен aйнaлa қopшaлғaн. Тaулapдa көбiне бекiнiс сaлышғaн. Бекiнiс aйнaлaсындaғы op сумен тoлтыpылaды.

 

Әл-Идриси суреттеген қалалардың орны Ұлытаудың далалы аймақтарында табылған. Ол қазақ даласында 3 ірі тайпалық одақ -қыпшақ, қаңлы, оғыздар өмір сүрген. Әл-Идриси оларды ғұз деген атпен біріктіреді. Олар шығыстағы (Арал теңізі) ғұз халқының хандаг елінен солтүстікке дейіп тізбектеле орчаласқан. Ол сонымен қатар Ұлытау және Торғай далаларына тарихи-географиялық сипаттама береді. «Бұл таулар ғұз еліндегі Асқаруи деген таулап бастау алатын Руза өзенінің солтүстік жағалауында. Осы өзен арқылы Хиам және Джаджан қалаларына барады. Қала арасындағы жол 7 күндік». Әл-Идриси Ұлытаудың топографиясын Гуруз (Ырғыз-Шалқар) көліне құятын Үлкен Торғай бассейнімен байланыстырады. Аралдың құмды аудандарында және Сары: ағысында тұратын елді-мекендерді атай отырып, олардың Талас бойындағы халықтармен соғысқанын жазады. Араб географы Ұлытау және Жезқазған аудандарының тарихи-географиясын суреттеп, осы жерлердің маңызды металлургия орталығы болгандығын және халықтың мал шаруашылығымен, алтын, күміс мыс балқытумен, саудамен айналысқанын атап өтеді.

 

Х-ХІІІ ғасырлардағы қимақ-қыпшақ қалалары туралы араб жазушылары, географтары Ибн-әл-Варди, Ибн-Йиаса, Ибн-Сайд жазған. Батыс және Орталық Қазақстанның қалалары жайында ХIV-ХV ғғ. Итальян карталары қызықты мәлімет береді. Атап айтатын болсақ 1915 ж. Пицигани (1367 ж.) және Фра-Маурлардың (1459 ж.) құрастырған Каталондық дүниежүзі картасы. Бұл карталар Деші-Қышпақпен, Орта Азиямен және Шығыс Түркістанмен сауда жүргізген итальяндық саудагерлер үшіп жасалған. Карталарда ХIII-ХІV ғғ. Жайық өзеніндегі, Солтүстік Каспийдегі, (Сырдариядағы, Орталық Қазақстандағы, Жетісудағы тұрақтар мей қалалар және Торғайдың орта ағысындағы Қаңлы Кент қаласы, Нұраның төменгі ағысындағы Ақсикент қаласы көрсетілген.

 

Қарталарда көрсетілген қалалардың болғандығын Плано Карпини және Рубрук өз жазбаларында дәлелдейді, Плано Карпини басты назарын Ертістегі және Алакөлдегі қалаларға аударған. Ол: «Татарлар тек бір қала Омылды (Эмиль) салған. Император (Гуюк) осы қалада үй салып, бізді дәмге шақырды. Бұл жерде Батыйдан үлкен Орда (Ежен) тұрады. Қалада оның әкесінің (Жошы) үйі бар, бұл үйде оның әйелдерінің бірі тұрады»- деп жазған. Жошының кіші әйелінің тамы Кеңгірде орналасып Келінтам деп аталған. Тұрақтан солтүстік шығысқа қарай 30 км. жерде Жошы хан мавзолейі бар. Мавзолейдің жоғарғы бөлігі мүйізі бар бас сияқты жасалған. Күйдірілген кірпіштен жасалған корғанның ішкі диаметрі 34 см. Плитаның үстіне биіктігі 30 см-лік бірінін ішіне-бірге орналастырылған 2 құмыра бар. Екінші құмыраның бүйірлерінде бұқа мүйізі бекітілген. Бұқа ХІІІ ғ. 1-жартысындағы түрік-монғолдардың тотемі болған. Ғасырлар бойы бұқа күштің, биліктің, мәртебенің белгісі болған. Қазақтардың астрономиялық аңызы бойынша жер бұқаның арқасында тұр.

 

Түрлі дерек көздері Дешті-Қыпшақ жерінде бай мәдени тұрақтар болғанын мәлімдейді. Хафыз Тыныш осындай тұрақтарға Бесағаш, Болған Ана, Талмас Ата, Жетім қорған, Мыңбұлақ, Үшқоңыр, Белен ана, Сарайды, Торайлы, Басқамыр және т.б. жатқызса, Шарафеддин Әли Язды Орда- Базар, Сегізағаш, Ұлытаг, Кертаг, Ақ зират тұрақтарын атаған. Осының бәрі қыпшақттарда жартылай отырықшы мал шаруашылығы және өзен аңғарлары мен жазираларында суармалы жер шаруашылығы дамығандығын дәлелдейді. Бұны Плано Карпини мен Рубрук жазбаларынан да көруге болады.

 

Қыпшақтардың отырықшы және жартылай отырықшы тұрмысымен «қорық», «конг» терминдері байланысты. Қорық әуелде жан-жағы қабырғамен қоршалған хан жайлауы болды. Бұл мағынасындағы қорық сөзі үйсіндер мен түрік қағаңдарына тән. «Конг» - өте көне термин. Ол географиялық атау ретінде (Жақсы көң, Жаман көң өзендері) ретінде тарихта сақталып қалды. М. Қашқари бойынша қыпшақтардың тұрақтары көлеміне қарай әр түрлі аталды: шағын ауыл-қыстақ, қыстау, бекініс, қала типті мекен кент т.с.с. Орталық Қазақстанда ерте қышшақ (VII-IX ғғ), моңғол көзеңіне дейінгі (Х-ХII кғ.) және моңғол кезеңіндегі (ХIII-ХVғғ.) ескерткіштері сақталған. Жошының үлкен ұлы, әрі Ақ орданың негізін қалаушы Орда-Еженнің 3 ордасы болған: 1) Шыңыс хан жотасындағы қалаушы Орда-Орда; 2) Ұлытау ауданындағы Кеңгір өзені Жошы мавзолейі жанындағы ордасы; 3) Қаялықтан 7 күндік жердегі Ала-қашақ ордасы. Қалалардың көптеп салынуы кейінгі қыпшақ кезеңінде байқалады. Осы кезеңнің қалашықтары мен археологиялық ескерткіштері Орталық Қазақстанда сақталған. Олардың ішіндегі ірілері: Алаша хан, Басқамыр, Аяққамыр, Сарайлы, Торайлы, Топырақ қорған, Айбас дарасы, Домбагүл, және т.б. Масғұд ибн Османи Сарысу және Ұлилаудағы Сығанаққа бағынышты бірқатар қалалар мен бекіністерді атайды. Масғұд Сарыарқадағы ең маңызды қала Дешті Қыпшақтың астанасы Орда-Базар болды дейді. 1429 ж. Ақ Орда ханы Барақ өлген соң оны Әбілқайыр басып алып ақша соқтырған Орда Базар Сығанақтан кейінгі екінші саяси орталық болған.

 

Ортағасырлық қалаларды алғашқы зерттеген Н. Вейзен, Д.Г. Месершмит, Ф. Страланберг, Т.Ф. Миллер, И.Г. Гмелин, И.П. Фальк, Х. Барденес, Г.Ф. Генс, И.П. Шангин, Г.И. Спасқий, А.И. Лемшин болды. Олар Орталық, Солтүстік Қазақстанның тарихи топографиясына сипаттама берді. Қалалардың орындары Ұлытауда, Кеңгір, Торғай, Есіл, Нұра және Сарысу бойында шоғырланған. Қалалар саз балшықтан және күйдірілген кірпіштен салынған. Фальк сипаттамасында қала қабырғаларының кейбір бөліктері көгілдір түсті шыны сияқты затпен құйылған, яғни плиткалармен қапталған, мұндай плиткалар сынықтары Ұлытауда да кездеседі.

 

Н. Рычков өз күнделігінде Қара Торғайдағы Домбағұл қалашығын суреттейді. Бекіністің барлық қабырғалары бірдей тортбұрыш болып салынған. Шығысқа қарайтын қабырғасында жер қақпа болған. Қираған дуалдар және олардың тереңдігінің сақталмауы бекіністің көнелілігін көрсетеді. Оңтүстікке қарай 2 шақырым жерде кірпіштен және тастан қаланған храм типтес, биіктігі 9 сажын, ұзындығы мен ені 7 сажын, 2 терезесі бар бекішіс табылғап. Бекіністің жан-жағында 3 там салынған. Жергілікті халықтан сұрастыра келе, бұл ежелде қыпшақтардыц жері болғаны анықталды.

 

1815 ж. осы жерлерге келген инженер Германның экспедициясы да дәл осындай нәтижеге келді. Экспедиция мүшесі инженер Г.Генс Торғай және Ұлытаудағы ескерткіштерді топтастырып, бірнеше түрге бөлген: 1) күйдірілген кірпіштен тұрғызылған қалашықтар; 2) саз балшықтан тұрғызылған қалашықтар; 3) осы жер иелерінің бекіністері; 4) тас құрылыстар меп жер дуалдар. Зерттеу кезінде исламға дейінгі және мұсылман уақытының құрылыстарының айырмашылығы анықталды:

 

Исламға дейінгі құрылыстар Ұлытаудан Ертіске дейінгі жерлерде, Нұра, Қорғалжын көлінің жағалауында орналасқан. Красовский мен Нифантһев жүргізген мұқият топографиялық зертіеулердің нәтижесінде Ұлытау даласында Сарысу, Есіл, және Торғай жағалауларында біреше бекіністердің орны анықталады.

 

Ұлытау бекіні Алаша хан (Орда қорған) бекінісі, Жерқорған, Топырақ қорған, Айбас дарасы, Нөгербек дарасы. Олар күйдірілген кірпіштен салынған. Қаракеңгір жағалауында бірнеше төбелер табылған. Олар – Хан Ордасы, Ескі жұрт, Жошы хан бекіністері.

 

Жезді жағалауында да бірнеше бекіністер – Басқамыр, Аяққамыр табылған. Топырақ қорған Өсербай қыстауының маңындағы үлкен төбе. Төбеден 1 км жерде мыс балқыту орталығы табылған, оның маңында көптеген күйдірілген кірпіш, қыш ыдыстар қалдықтары және күлдің іздері кездескен. Маңызды бекіністердің бірі Ақтас руднигінен солтүстік-шығысқа қарай 28 км. жердегі Шантықа қыстауының маңындағы Кішітау тауының бағытында орналасқан. Қамал қабырғасы Шығырлы өзеннің тастарынан қаланған. Суармалы жүйесі бар бекіністер Жыланшық өзенінің де бойынан табылған.

 

Орта ғасырлардағы Орталық Қазақстанның отырықты мәдениетін зерттеуде аса маңызды дерек көзі болып Сібір сызбанұсқа кітабы, Ремезовтың, П.Чичаговтың, секунд-майор Богдановтын және Волошиннің атласы болын табылады. Өте құнды дерек болып Нифантьснің «Орталық Қазақстанның онтүстік бөлігінің топографиялық сипаты» және Сарыарқаға бірнеше рет сауда керуенімен келген Мұртаза Файзуллиннің жазбалары саналады. Сарыкецгірдегі орта ғасырлық отырықшы мәдениетті Ю.Шмидт зерттеген. Бұл жерді калмақ бекінісі деп атағанмен, бірақ бұл жердегі тұрақтар корсетілген уақыт кезеңіне қарағанда әлдеқайда ерте кезеңге жатады және мұны Нөгербек дарасымен ұқсастығы дәлелдейді. Қыпшақ кезеңінің керамикасына байланысты Нөгербек дарасы Х-ХІ ғғ. жататыны анықталып отыр. Нөгербек дарасы алтыбұрышты әрбір бұрышында мұнаралары бар. Қақпасы оңтүстік-шығысқа бағытталған.

 

Аса қызығушылық тудыратын Ұлытаудағы және Торғай, Жыланшық өзендеріндегі тұрақтар. Бұл тұрақтар осы аудандардың Орталық Қазақстандағы мәдени ошағи болғандығын дәлелдейді. Мұнымен қатар Ұлытау көшпелілерді саяси орталығы болып қалыптасуы ортағасырлардан басталады. Қазақ мемлекетінін қалыптасу кезеңіндегі Ұлытаудың тарихи маңызы жайлы академик К. И. Сәтпаев «Қазақтардың ертедегі саяси орталығы болғандығын осындағы мәдениетінің басқа да материалдық ескерткіштері дәлелдейді», -деп тұжырым жасаған болатын. Ал Ә. Марғұлан болса Ұлытаудың орта ғасырларда саяси маңызға ие болуы оғыздар тарихымен етене байланысты екенін, ІХ-Х ғасырларда оғыздардың негізгі тобы Орталық Қазақстан және Солтүстік Арал өңірінде шоғырланып тіршілік кешкенін жазады. Рашид-ад-дин, Әбілғазы жазбаларындағы және өрта ғасыр заманының жазба ескерткіші Қорқыт ата кітабында да кездесетін атаулардың кейбірі, Әл-Истархи, Рашид-ад-дин, Әбілғазы жазбаларындағы да оғыз атаулары бүгінге дейін сақталтаны анықталып отыр. Әл-Идриси еңбегін талдап, саралап зерттеу жүргізтен ғалымдар Ә.Марғұлан, С.Ағаджанов, Ж. Смайлов және тағы басқалары. Бұл өңір сал кезеңнен бастап қалалық мәдениеттің қалыптасқандығы, саяси-экономикалық орталық болған. Х ғасырда Сыр өңірінің қалалардың жаулап алынуы Ұлытау өңірінің біршама маңызын төмендетті. Дегенмен ХІІ ғ. бастап Ұлытау Шыңғысхан құрған көшпелілер империясының тарихымен байланысты. Жошы хан Дешті-Қыпшақ жерінде, Ұлытауда билік құруды осы өңірдің саяси-экономикалық маңызын арттыра түсті.

 

ХVІ ғ. Орта Азиялық тарихшы Хафиз Тапыш Бұхар ханы Абдаллах ІІ-нің Ұлытауға жасаған жорығын жаза келіп, «бұл жер бұрын даңқты Жошы ханның және оның ұлдарының астанасы болған»-деп айтады. М. Кухистанидың «Тарихи Абулхаир-хани» еңбегінде Бату ханның астанасы Дешті-Қыпшақтың Орда-Базар қаласында орналасқанын жазады.

 

Шарафеддин Әли-Яздының жылнамасында осы олкедегі қорғандар қазарында тағы да Орда-Базар қалашығын атан өтеді.

 

Ортағасырлық авторлардың жылнамасы, тарихи деректеріне сүйене отырып, Алтын Орда заманында Ұлытау өмірінде бірнеше қаланың болғанын атауға мүмкіндік бар. Алтын Орда тарихында терең із қалдырған Ақсақ Темір, Едігеге қатысты тарихи таңбалар да Ұлытау жерінен табылады. Ең бастысы Жошы ұлысының орталығына айналған Ұлытау ХІІІ ғасырдан бастап ұлы хандар мекен еткен тау болып саналады.

 

Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалашықтарын зерттеуде құнды дерек көзінің бірі бұл екінші академиялық экспедицияның зерттеушісі П. Рычковтың еңбетінде Торғай өзені және Қаракеңгір өзені бойында жол бойы кездесетін кесенелер Жұбан ана, Белең ананы атай отырып, былай деп жазады: “анда осы уақытқа дейін тас үйінділер мен ежелгі ғимараттардың орны көп”, Келесі сипаттаманы М. Красовскийдің «Материалы для географин и статистики России. Область Сибирских киргизов» еңбегінде орта ғасырлық архичектуралық құрылыстармен бірге, архсолотиялық ескерткіштерге де сипаттама бертен еңбегі болды. Ол өз жазбаларында Жезді бойындағы Басқамыр қалашығы орнына тоқталып өтті.

 

Кеңес дәуірінде бұл атыраптың тарихи орындары, археологиялық ескерткіштерін ғылыми, жүйелі түрде зерттеу жұмыстары, әрине академик Қ.И. Сәтпевтың бастамасы, Ә.Х. Марғұланның көп жылдық еңбегінің нәтижесінде іске асты. 1947 жылы Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендерінің бойын археологиялық барлау жұмыстары барысында бірнеше кесенелер, қорғандар, қалашықтар зерттелінді. Бұл аталмыш ескерткіштерге осы жылдары шыққан бірнеше мақалада тоқталып өтті. Академик Ә.Х Марғұлан ортағасырлық жазбалар, ауызша тарихнамаға және археологиялық барлау жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, Орталық Қазақстанда көшпелі шаруашылық пен қатар отырықшы шаруашылықта қатар дамыды дегеп қорытындыға келді. Мүнымен қатар бірнеше қалашық, бекіністердің орны зерттелінді. 1992-97 жылдары Ұлытау ауданының ортағасыр калашықтарын зерттеу Жезқазған археологиялық экспедициясының тарапмиан жүргізілді.

 

Ұлытаудағы көне қалашықтардың бірі – Алаша хан қалашығы. Қалашық Қараталдың сол жағалауында Ұлытау елді-мекенінен 30 км. жерде орналасқан. Қалашықтың дуалдары мен қорғаныс қабырғалары ірі саз кірпіштерден қаланған. Дуал төртбұрышты, ұзындығы -200 м, ені- 115-120 м, қалыңдығы – 8 см. Бекініс іштадельсіз, екі бекіністен тұрады. Орталық алаң биіктеу орналасқан. Бұл қабарғаларының бұзылуынан пайда болғанн қатпарлар. Қатпар қалыңдығы -0,6- 0,8 м. Бірінші бекіністің аумағы – 6000 шаршы м. Қатпар астынан қалыңдығы 0,3 м саз еденнің іздерін байқауға болады. Басқа құрылыстардың іздері байқалмайды. Себебі қабырғаны бойлай киіз үй іспеттес құрылыстардың іздері балшықтан салынғандықтан олардың ізі аса байқала қоймайды. Қорғаныс қабырғасының маңында әскерлер, кіші бекіністе аймақ бастысы орналасқан. Бекіністер өзара көпір арқылы байланысады. Алаша хан бекінісі Қара Кеңгірдің оң жақ жағалауында орналасқан Алаша хан мавзолейімен бір мезгілде салынғанына құмән жоқ. Топырақ қорған қалашығы Алаша хан батысқа қарай 4 км. жерде, Ұлытаудың солтүсгік шатқалында орналасқан. Құрылысы жағынан Алаша хан қалашығына ұқсас. Құрылыс материалы саз балшық. Төртбұрышты бекіністің бұрыштарында мұнаралар орналасқан. Бекініс айналасындағы ордың ені - 4-5м, іш жағынан өлшегенде ені мен ұзындығы 80-80 м. Айбас дарасы бекінісі Ұлытаудың солтүстігіндеі Айбас дарасы өзенінің қалашығынан оңтүстіжағалауында орналасқан. Төртбұрышты бекіністің ені мен ұзындығы 35х35 м. солтүстік-батыс бұрышында ауданы – 70 шаршы м. Тертбұрышыты құрылыстың орны сақталған. Бекіністің 2 қақпасы болған. Шығыс қақпа мал кіргізетін, ал солтүстік қақпа тек қала тұрғындарына арналған. Өзен жағалауында суару қаналдарының ізі қалған. Нөгербек Дарасы – бекініс Айбас Дарасы бекінісінен солтүстік-шығысқа қарай 4 км. жерде орналасқан. Трапеция түрінде салынған бекініс қабырғалары кірпіштен және тастан қаланған. Әр бұрышында және қабырғаларының ортасында мұнаралар бар. 1941 ж. теолог Б.М. Чулинов қалашықты сызбаға түсірген. Қабырға ұзындығы - 82 м, ені- 78 м-55м, қалыңдығы - 4-5м. Бекініс ішінде төртбұрышты -5 құрылыс даны 275 шаршы м. Орташаларының ауданы – сақталған. Ең ірілерінің 250 м. Барлық құрылыстар батыс қабырғаларының жанында орналасқан. Қабырғалар маңынан 3 құдықтың орны табылған.

 

Басқамыр қалашығы – Жезді өзенінің сол жағасында, Жезді кентінің солтүстігіне қарай 23 км, Ұлытау елді мекенінің оңтүстігіне қарай 60 км жерде орналасқан. Бұл орта ғасырлық қамал қалдығы, үш мықты қорғанмен қоршалған, цитаделі, және – ірі мұнаралар орнатылған. Қамал жоспары бойынша төрт бұрышты, бұрыштары әлемнің төрт құбыласына бағытталған. Сырт қабырғасы саман кірпіштен тұрғызылған, қалануы лай-балшықпен іске асқан ұзындығы 108-110 м, ені 14 м. Қорғаныс мұнараларынып шын тәрізді мықты кұрылымы ұзындығы 5.м, диаметрі 12 м, әрбір бұрышта және әр қабырғаның өн бойында орналасқан. Қамалдың орталық алаңында көлемді цитадель орналасқан, оның әрбір бұрышына мұнара орнатылған. Қалашықтың оңтүстік –шығыс жағынан керуен жолы жүріп Сарысудың төменгі ағысы арқылы Сырдария жане Ұлытау аудандарын байланыстырып тұрған. Қалашықтан аздаған керамиканың фрагменттері табылған. Олар орта ғасырда Жезді өзені бойындағы жергілікті жерде дайындалғанын байқауға болады. Керамика өндірісінің орталығы Милықұдық болған, яғни ол жерде жоғары температуралы күйдіргіш пештердің орны тіркелген. Сонымен қатар қалашықтың солтүстік қабырғаларынан үй жануарларының сүйектері және асханалық керамикалық сынықтары табылған.

 

Дереккөз:

Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане//Советская археология, 1952.

Материалы по истории туркмен и Туркмении. 1939.

Масанов Э.А.Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. 1966.

Материалыпо истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алма-Ата, 1969.

Рычков П.И, Рычков Н.П. Капитан жазбалары. 2002.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға