Жаңалықтар

Орта буынның ойы

Орта буын кімдер? Аға буын қателігі неде? Біздің қоғам қажеттілігі қандай?
Орта буынның ойы
02.08.2018 17:00 14076

Ұрпақтар сабақтастығы, буындар, жастар туралы ежелгі грек ойшылдары тұсында да талай әңгіме болыпты. Біздің дәуірімізден V ғасыр бұрын өмір сүрген Сократ жарықтықтың өзі «Қазіргі жастар құрыған, олар ақсақалды сыйламайды, өзінн үлкендермен салғыласуға әзір тұрады, қомағай әрі ұстаздарын мезі етеді» деп жазған еді. Кейіннен бұл мәселе Мангейм мен Ортега-и-Гассеттің еңбектерінде баяндалды. Бізге жақыны американ ғалымдары Уильям Штраусс пен Нил Хоувтың «Буындар теориясы». Бұл теория бойынша ұрпақтар арасындағы қайшылықтар мен түсініспеушіліктер болуы заңды. Себебі социомәдени прототип сол кездің жағдайарына байланысты қалыптасатын қоршаған ортаға байланысты айқындалады. Сол қоршаған орта шарттарына бейімделу арқылы тіршілік иесі түр ретінде сақталады. Ол үнемі замына қарай түлкі не тазының рөліне енуге мәжбүр. Экономикалық дағдарыс, аштық, соғыс, саяси қуғын-сүргін, экономикалық бақуат тұлғаның қалыптасуына және өзіне бағалауына әсер етеді. Штраус пен Хоув бойынша буын дегеніміз 20-25 жас аралығындағы уақытта дүниеге келген адамдар жиынтығы екен. Егер социологиядағы жіктеме бойынша миллениалдар, X ұрпақ, Y ұрпақ деп бөлінетін болса, қазақы түсінік бойынша аға буын, орта буын, жас буын бар. Аға буынның жасай алмағанын жасайтын, жас буын сын көзбен қарайтын, қоғамның ауыр жүгін арқалайтын – орта буын. Ал қазақ қоғамының орта буыны кімдер? Олардың көзқарастары, мұраттары қандай? Әңгіме осы турасында болмақ.

Орта буын өкілдері ретінде сұхбат бергендер: 

Маралбек Сағынғанов, 35 жаста, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері, Оңтүстік Калифорния университетінің Коммуникация және журналистика мектебінің магистранты

Жалғас Ертай, 29 жаста, «Азаттық» радиосының SMM маманы.

Ғалымжан Оразымбет, 34 жаста,  Zertteu Research Institute қоғамдық қорының бюджет сарапшысы

 

 
Сұхбаттасқандар: Айсұлтан Жақыпов, Перизат Кәрімқұл
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға