Жаңалықтар

Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясына айналуы керек

Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау  мемлекетіміздің тұрақты стратегиясына айналуы керек
Фото: Pixabay.com 29.03.2023 10:51 1177

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.


"Ақжол партиясы шағын және орта бизнесті дамыту экономиканы монополиядан арылту туралы үнемі айтып жүр. Партияның Мәжілістегі депуттары осы жұмысқа өз үлесін қосады деп сенемін. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған Respublica партиясы Парламентке өтті. Бұл ұйым бизнестің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруға атсалысады деп ойлаймын", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент заңдар мен түрлі ережелерді әзірлеген кезде қаржы өнеркәсіп топтары мен ірі бизнес өкілдері шешім қабылдауға зор ықпал ететіндігін атап өтті.

"Ашығын айтқанда, бұл барлық елде тіпті, дамыған мемлекеттерге тән жағдай. Бірақ осы үдерісті қоғамнан жасырмай заңмен реттеу керек, әйтпесе жемқорлық белең алады. Өркениетті елдерде саясаты жабық есік жағдайында астыртын жасалмайды. Сондықтан лоббистік қызметті заңмен реттеудің және оған бақылау жасаудың халықаралық тәжірибесін зерттеу керек", деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға