Орта Азия елдеріне ортақ медиа арналар үздіксіз жұмыс істейді – Екатерина Абрамова
Орта Азияға ортақ медиа кеңістік жұмыс істейді. Бұл ортақ аудиторияға арналған мәселелерді қамтиды. Осы салада Қазақстан белсенді жұмыс істеуде. Орта Азиядағы медиа туралы пікірімен «Мир» МТРК төрағасының орынбасары Екатерина Абрамова Орта Азия елдерінің медиа форумында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Соңғы 30 жылда медиа нарық өте жоғары қарқынмен дамыды. Көрші елде болып жатқан жаңалықтар мен мәселелерді телеарна мен радио немесе баспаөз арқылы біліп отырды. Қазіргі таңда әлеуметтік желінің дамыған заманында барлығы ғаламтор арқылы біледі. Қазіргі таңда Орта Азиядағы 10 елге ортақ ақпарат құралдары жұмыс істейді. Осындай ортақ алаңның болуы қуантады. Олардың дені орыс және ағылшын тілінде қамтылған», - деді Екатерина Абрамова.
Сонымен қатар, Орта Азия елдерінің баспасөз өкілдері ақпараттық байланыс орнатып отырады. Редакциялық саясатында мемлекетаралық мәселелерді қамтудың қағидалары бар екенін атап өтті.
«Біз 10 құрылтайшы елдің өкілдерімен шешім қабылдаймыз. Біріншіден, редакциямызда әрқашан жабық журналистік ұстаным, яғни біз көрерменге бағалауды емес, тек фактілерді ұсынамыз. Біз адамның оқиғаларды өз бетінше бағалағанын қалаймыз. Екіншіден, қақтығыс немесе қолайсыз жағдай орын алса, әр тарапқа тең үлеспен көңіл бөлуге мән береміз. Егер бұл мүмкін болмаса, онда тақырыпты көтермеуді жөн көреміз. Көрермен қоғамдағы ахуалдың барлық жағын көруі керек», - деді Екатерина Абрамова.