Жаңалықтар

Орта Азия елдері 30 жылда үлкен қарқынмен дамыды – Хикмет Четин

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Орталық Азия медиа форумында айтты
Орта Азия елдері 30 жылда үлкен қарқынмен дамыды – Хикмет Четин
Фото: El.kz 20.12.2022 12:22 1810

Орта Азия елдері тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жылдың ішінде үлкен жылдамдық дамыды. Бұл туралы Орталық Азия медиа форумының отырысында Түркияның бұрыңғы Сыртқы Істер министрі Хикмет Четин айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«1991 жылы Кеңес Одағы құлап, мемлекеттер жеке дара республикаға айналған кезде барлық елдің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындадық. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Орта Азия елдері үлкен жылдамдықпен дами түсті. Бұл үшін үлкен күш пен бірлік керек. Осы түрғыда бауырлас елдер өздерінің қарқынын жақсы көрсетті. Түркі мемлекеттерінің мүшесі ретінде Түркияда бауырлас елдерге өзі көмектерін көрсетуден аянып қалмады», - деді Хикмет Четин.

Сонымен қатар, Орта Азия елдері көптеген мәдение-саяси, қоғамдық ұйымдарға мүшелік етеді. Сондықтан татулық пен бірлікті алдынғы орынға қоятын елдердің орталығы екенін айта кетті.

Сөзінше, елордаға алғаш келгенінде жазық даладан басқа ешнәрсе байқамаған. Ал, бүгінгі сапарында мүлде басқа қалаға тап болғанын айтып таңғалысын жасырмады.

«Қазақстанның алғашқы пезиденті Н. Ә. Назарбаевтан неге елорданы Алматыдан Астанаға көшіргенін сұрағанымда: «Кезінде Ататүрік те елорданы Стамбулдан Анкараға көшірді. Мен де солай жасадым және Астананың ауданы Стамбулдан 2,5 есе үлкен» деп жауап берген болатын», - деді Хикмет Четин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға