Жаңалықтар

Ортағасырлық түріктер(жалғасы)

Қойшығара Салғараұлы
16.08.2016 06:27 6830

Ортағасырлық түріктер(жалғасы)

Шаболиө інісі, Істімінің баласы Датыуды да жек көретін. Оның бұл жек көруі
– саясатқа жүйрік, істе алғыр, соғыста батыр туысының қағанаттағы беделі өз
мансабына кедергі келтіреді-ау деген қауіптен туған еді. Датыу да бұл бауырын
онша ұната қоймайтын. Алайда, екеуі де іштей арбасқаны болмаса, сыртқа сыр-
ларын ашқан емес. Осындай реттермен келіп, Шаболиө неғұрлым алыс болса,
солғұрлым тыныш болармын деген үмітпен Датыуға «Тардуш-қаған» деген ат
беріп, оған өзі жаулап алған батыстағы елдерді билеуді тапсырады.
Сондай-ақ, ол жастайынан көкейіне құрт болып түскен арманы – қаған лауа-
зымын өз еркімен қолына берген інісі Амракты да ескерусіз қалдырған жоқ. Билік
дәрежесі жөнінен екі ағасынан кейінгі үшінші қаған деп жариялап, Толы өзенінің
бойын соның иелігіне берді. Осылайша билік мәселесін бір жөнге келтіргеннен
кейін Шаболиө Сүй империясына көз аларта бастады. Оған Шаболиөның Жыу
әулетінен алған әйелі – Үй Вын-шының қызы Чиән-жин қатынның да ықпалы
болды. Ол «ата-бабамның басына барып, құрбандық шала алмадым» деп шу шы-
ғарды. Осыған байланысты Шаболиө 400 мың әскерімен келіп, шекараны бұзды.
Император оған қарсы министрі Пын-И мен бас қолбасшы Чи Ли-гун бастаған
бірнеше мың әскерді қарсы қойды. Алғашқы күнгі айқаста түрік әскері Сүй импе-
риясының әскерін тас-талқанын шығарып жеңіп, шекараға екі жолмен бет алды.
Олар сол бетімен барып, жеті елдің малын тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетті.
Мұны естігенде Көктің Ұлы ашудан долданып, жарылып кете жаздады.
Түрктерге қарсы соғыс жариялап, бұл хабарды бүкіл империяға жеткізуді бұйыр-
ды. Кінәз Ваң Хуң, министр Дыу Лыу-жи және Дыу Жун-диндерді бас қолбас-
шы етіп тағайындап, жер қайысқан қолмен түріктерге қарсы шықты.
Шаболиө бұл соғыста жеңіске жете алмады. Сүй әскері Шаболиөның екі қана-
ты Або-қаған (Төремен) мен Тәнханның (Түріксанфтың) әскерлерін ойсырата
жеңіп, оларды ұрыс даласынан қашуға мәжбүр етті.
Осы жеңілісін екі інісінен көріп, оларға қатты ызаланған Шаболиө қайтар
жолда әдейі барып Або-қағанның иелігіне шабуыл жасайды. Оның мұндай то-
сын әрекетке баруына Сүй империясының жырынды жансызы Чаң Сүн-шын-
ның бұларды бір-біріне айдап салып, шағыстыруы да үлкен рөл атқарды.
Чан Сүн-шын өзінің сенімді адамы арқылы Або-ханның жеңілісін сылтау
етіп, Шаболиөны шаптап, оған айдап салады.
– Сіз байқайсыз ба? – дейді екі арада жүрген делдал – арбаушы Шаболиөға.
– Ғажап, түрік әскері Сіздің бастауыңызбен соғысқа енсе, үнемі жеңіске жетеді.
Ал Або-қаған бастаса болды, жеңіліс табады. Екеуіңіздің әскерлеріңіздің саны
да бірдей. Жұрт болса бұл жеңілісті Або-қағаннан көрмейді, сізден көреді, ұятқа
Сіз қаласыз. Жаумен жан аямай алысып, үнемі жеңіске жеткен Сіз құрметке
бөлену орнына, Або-қаған үшін масқара болуға қашанғы төзе бересіз? Тағы да
оған ескерту жасаумен тынбақсыз ба? Бір кезде «терістіктегі иелікті» (Або-қаған-
ның иелігін) жоқ қылып жіберуді армандаушы едіңіз. Міне, енді сәті келіп
тұрғанда сол арманыңызды неге жүзеге асырмайсыз?
«Құланның қасуына мылтықтың басуы дөп келіп» дегендей, жауынан
жеңіліп, ашудан құтырынып тұрған Шаболиөге жансыздың әлгіндей шаптауы
дәл келеді де, ол ештеме ойлап жатпастан, Або-қағанның ордасын ойрандап,
әйелі мен баласын тұтқындап, шешесін өлтіреді.
Бұл, былай қарағанда, сырт көзге болып жатқан оқиғаның қисынына қарай
ашу үстінде істелінген әрекеттей көрінгенімен, мұның бәрі Сүй империясының
алдын ала әзірлеген сценарийі бойынша жасалынған жоспарлы ісі болатын.
Сценарийдің авторы түрктердің өз ішінде жүрген қытай жансызы – Чаң Сүн-
шын еді.
Осы арада жалғыз өзі Түрік қағанатының ішкі бірлігін ірітіп, ел ағаларын бір-
біріне айдап салып, қырқыстыра білген Сүй елінің жансызы Чаң Сүн-шын
жөнінде аз-мұз мәлімет бере кеткен жөн секілді. Өйткені, бұл адамның кім екенін
білу арқылы, кезінде император Сарайында дайындалып, «Император қызы»
деген атпен көшпелілер мемлекеті билеушілеріне ұзатылатын қытай арулары-
ның барған жерлерінде жасайтын лаңкестік әрекеттерін жете түсінуге мүмкін-
дік туады. «Император қыздарының» дәуірлей бастаған көшпелілер мемлекетін
құлатудағы рөлі туралы кейінірек арнайы сөз болады. Ал қазір әңгіме Чаң Сүн-
шын жөнінде.
Әдетте далалықтарға ұзатылатын «Император қыздарының» өзімен бірге еріп
баратын қызметшілерінің саны жүз адамнан кем болмайды. Бұлардың бәрі жан-
сыздар дайындау мектебінен өткен, аты қызметші болғанымен, заты барған
жерлерінде белгілі бір міндет атқаруға тиіс түрлі мамандық иелері болып келеді.
Чаң Сүн-шын да кезінде Жыу әулетінен шыққан кінәз Үй Вын-шының қызы
Жау-жиунді «Император қызы» есебінде «Чиән-жиун ханша» деген атпен Түрік
қағанатының қағаны Шаболиөге әйелдікке бергенде, соның нөкерінің бірі бо-
лып келген болатын. Қытай жазбаларында оны кейде Чиән-жин ханшаны
түріктерге құрметпен апарып салушылардың бірі етіп те көрсетеді. Онысы «Им-
ператор қыздары» нөкерлерінің арнайы дайындықтан өткен жансыздар екенін
жасырып, көз алдаудан туған әрекет болса керек. Бірақ, қалай болғанда да, Чаң
Сүн-шынның түрік еліне осы әйелмен бірге келгені анық.
Чаң Сүн-шын түрктерге барғаннан кейін, көп ұзамай өзінің садақ тартудан
асқан шеберлігін қаған алдында дәлелдеп, көзге түседі. Ал «құралайды көзге
атқан» мерген болу – кез келген далалықтың арманы. Шаболиө қаған да өзінің
туыстары мен ұлықтарын жинап алып, Чаң Сүн-шыннан садақ атуды үйренуге
тапсырма береді. Бұл Чаң Сүн-шынның алдағы бүлдірушілік әрекетін жүзеге
асыруына кең жол ашады. Ол садақ атуды үйрету сылтауымен қағанның туыс-
тарымен, орданың беделді ұлықтарымен жиі араласып, бірте-бірте олардың
сеніміне кіріп, мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайымен толық танысу мүмкінді-
гіне ие болады. Бұл ретте ол, әсіресе, Шаболиө қағанның туған бауыры Тули
шадты майлы ішектей айналдырып, онымен жақын дос болады. Осының арқа-
сында ол Тули шадты аң аулауға жиі алып шығып жүріп, түрк жерінің бедерін
және онда халықтың қалай орналасқанын, жағдайларының қандай екенін түгел
біліп алады.
Чаң Сүн-шынның Түрік қағанатының ішкі-сыртқы жағдайын қаншалықты
білгенін және дәуірлеп тұрған қағанатты іштей әлсірету үшін қандай әрекет
жасау керектігін жоспарлағанын, оның өзінің императорына жасырын жолда-
ған мына хатынан анық көруге болады. Бұл хат дерегі бұрын ғылыми айналымға
енбеген, қазақ тарихшылары үшін белгісіз болып келді. Сол себепті Суң импе-
риясында өмір сүрген ұлы ғалым, тарихшы Сы-ма Гуаңның жылнама жүйесі-
мен жазылған «Дзы джы туң-жиән» атты жалпы тарихынан алынған хат мәтінін
толық беруді жөн көрдік. Хат Шаболиө қағанның 400 мың әскермен Сүй импе-
риясының шекарасын бұзуға кеткенін пайдаланып, императорға жасырын жібе-
рілген. Осы хаттан-ақ арнайы дайындықтан өтіп, далалықтарға жіберілген жан-
сыздардың қабілет деңгейінің қандай болғанын аңғару қиын емес. Сонымен,
Чаң Сүн-шынның Сүй императоры Він-диге жолдаған хаты:
«Қазір хуа-шиада1 тыныштық болғанымен, солтүстіктегі түрктер әлі де пат-
шаның (императордың) әміріне бойсұнбай отыр. Бірақ әскер топтап оларға жаза
жорық ашуға жағдай әлі пісіп-жетілген жоқ. Егер солай екен деп, жорық жаса-
масақ, онда түрктер үнемі шапқыншылық жасап мазаны алып жатыр. Сондық-
тан біз жан-жақты жоспар жасап, оларды жеңетін бір амалды ойлап табуымыз
керек.
Түрктің Датыу қағаны (Диәнжиө) мен Шаболиө қағаны (Ниету) екеуін са-
лыстырып айтсақ, алдыңғысының әскері күшті болғанымен, халық алдындағы
беделі төмен. Оның Ниетуге бағынған тек аты ғана, іс жүзінде бағынбайды, ара-
лары күн санап ашылып барады. Біз олардың арасына жел жүгіртіп, бірін-біріне
айдап салып, шағыстыра білсек, олардың өзара қырқысуы сөзсіз.
Екіншіден, Ниетудің інісі Чулохыудың (Тулидің) айла-амалы көп болғаны-
мен, қолында күші жоқ. Сондықтан ол елдің көзін алдап, халықты өзіне тартуға
тырысады. Соның нәтижесінде ордадағылардың қолдауына ие болып отыр.
Сондықтан ол Ниетудің күдігін туғызып, тынышын кетіруде. Оның (Ниетудің)
інісіне тек беті жылтырағаны болмаса, іші әлем-тапырық.
Ал Або қаған (Далобиан) екі жақты болып, Датыу мен Шаболиөнің қайсы-
сын ұстарын білмей әуре. Ол Ниетуден жасқанады. Оның Ниетудің уысынан
шыға алмауы – Ниетудің тегеурінінің мықтылығынан. Ол кімді арқа тұтарын
шешкен жоқ. Сондықтан бұлардың күштілерінің арасына от жағып, әлсіздеріне
қолдау көрсетіп, ішке тарту керек.
Датыумен (Диәнжиөмен) байланыс жасауға елші жіберіп, оны Або қағанмен
бірігуге көндірсек, Ниетудің әскерін шегіндіріп (яғни Сүй империясының шекара-
сынан әкетіп – Қ. С.), аймағының батыс жағына барып қорғануы сөзсіз.
1 «Қытай» – қытайлықтарға көшпелі халықтардың берген атауы. Көне қытайлықтар өздерін
әуелде «хуа-шиа» деп, ал кейін Хән империясы дәуірлеген кезден былай қарай өздерін
«хәнзу» деп атаған. Мұның алғашқысы «Шиа (Ся) жұрты» дегенді білдірсе, кейінгісі «хән
ұлты, хән халқы» дегенді білдіреді
Чулохыумен байланыс жасап, шығыстағы си-лермен байланыс жасауға елші
жіберсек, онда Ниету өзінің әскер күшін бұл жаққа да бөлуге мәжбүр болады.
Бұл (мұның бәрі) Түрк мемлекетінің ішінде өзара алакөзділік болып, олар-
дың бірлікте болмауына әкеліп соғады. Сонда он шақты жыл өткеннен кейін біз
орайын тауып, жорық жасап, әскер шығарсақ, түрктерді бір жолда-ақ жоқ қыла
аламыз» (Сы-ма Гуаң. Дзы джы туң-жиаң». 175-бума. Чың Чуиән-дидің жылнамасы-
ның он үшінші жылы // Түріктер. Жыужандар. – Алматы, 1999. – 114-115 бб.).
Сүй империясының императоры Він-ди Чаң Сүн-шынның бұл мәлімдеме-
сін оқып, оған риза болып, оны өзімен ауызба-ауыз сөйлесуге түрктердің ара-
сынан арнайы шақыртып алады. Чаң Сүн-шын түрктердің қазіргі жағдайына
тағы да талдау жасай отырып, олардың жерінің картасын сызып, онда әскердің
қалай орналасқанын тайға таңба басқандай етіп көрсетіп береді. Император Чаң-
Сүн-шынға қатты риза болып, оның айтқандарының бәрін түгелдей қабылдай-
ды.Міне, Шаболиөнің Төременнің иелігіне шабуыл жасап, оның адамдарын
тұтқындап, шешесін өлтіріп, бар мал-мүлкін тартып алуы – осы қабылданған
жоспар бойынша жасалған әрекеттің алғашқы көрінісі болатын.
Ел-жұртынан айырылған Төремен (Або-қаған) қашып барып, батыстағы
Датыуды паналайды.
Бұл – атақты Түрік қағанатын құрдымға апаратын жолдағы алғашқы қадам
еді. Мерзім уақытымен алғанда, бұл қадам 584 жылдың балық айының соңын-
да, қозы айының басында жасалды.
Шаболиөнің қаған басымен елдің бірлігін бұзып, қарауындағы Або-қаған-
ның иелігін шабуы түрктің ел ағаларының ашу-ызасын тудырды.
Датыу Або-қағанға кек қайтару үшін өз әскерінен әскер берді. Оған Або-қаған-
ның бұрынғы өзі иелік еткен аймақтың жүз мың жауынгері келіп қосылды. Сон-
дай-ақ, Түрксанф пен Тегін-шад та, тіпті Шаболиөнің туған інісі Чулохыу да
Або-қағанның жағына шығып кетті. Дәл осы кезде Шаболиөнің шығысынан
қағанаттың ішкі жағдайынан хабардар болған қидандар (чидандар) да бас кө-
теріп, көтеріліс жасады.
Мұның бәрі сырт көзге Шаболиөнің өз туысын жауша шапқан оспадар
тірлігіне наразы болған далалықтардың өздерінің жасап жатқан қарсылық ак-
циясы сияқты көрінгенімен, шын мәнінде оның қозғаушы күші – Чаң Сүн-
шынның ұсынысымен Сүй императорының арнайы тапсырмасымен жан-жақ-
қа жедел аттандырған елшілерінің айдапсалма, қыздырма сөзі мен мол сый-
лықтарының ықпалы болатын.
Чаң Сүн-шынның айтқандары айна-қатесіз дәл шықты. Өзіне қарсы жан-
жақтан анталаған әскерді көргенде Шаболиөнің жаны мұрнының ұшына келді.
Кеше ғана қалың әскермен келіп, шекараның шаңдағын қағып, ойына келгенін
істеп жүрген Шаболиө енді сол елдің императорына өзі кіріптар болып, елшісін
жіберіп, көмек сұрауға мәжбүр болды. Жансыздың арбауына алданып, оның
құрған торына өзі келіп түскен Шаболиөнің бұдан басқа жасар қайраны да жоқ
еді.
Осындай елшіні Датыу қаған да жіберді.
Бірақ Сүй императоры екі жақтың елшілерін қабылдағанымен, екі жаққа да
көмек бермеді. Ағайындылардың өзара қырқысып, бірін-бірі тұралатуы импе-
рия үшін қай жағынан алғанда да тиімді еді. Тынымсыз соғыс бір қағанаттың
екіге бөлінуіне, қуатты күштің қақ жарылып, бірін-бірі құртуға көмектесетініне
сенді. Сондықтан да император министрлерінің «қағандар арасындағы жанжал-
ды пайдаланып, түрктерге тосыннан тарпа бас салайық» деген ұсынысын қабыл-
дамай тастады. «Екі бүркіт таласса, бір қарғаға жем болар» деген қағиданы ұстан-
ды.О сы кезде саясат сахнасына Чиән-жиң ханша шықты. Ол императорға өз
елшісін жіберіп, түрк еліндегі бар жағдайды баяндай келіп, Шаболиөні «баласы
ретінде қабылдауға» өтініш білдіреді, осылай істеудің тиімділігін көрсетеді. Сол
кездің ресми ұғымында императордың бір елдің билеушісін «баласы ретінде
қабылдау» – сол елдің империяға бодан болғанының белгісі.
Дәл осындай ұсыныспен Сүй Сарайына Датыу қағанның елшісі де келеді.
Бұл – Чаң Сүн-шынның ақылымен императордың Батыс Түрік қағанатының
билеушісі Датыу қағанға арнайы жіберген елшісі Иуан Хұйдың еңбегінің жемісі
еді.Сүй императоры Він-ди екі жақтың да елшілерін құрметпен қабылдап, екі
жаққа да аса мол бағалы сыйлықтармен өз елшісін жіберіп, екеуінен империя-
ның боданы болуды талап етті. Сүй империясының көмегімен бірін-бірі тезірек
жәукемдеп тастауды көздеген екі қаған да бұған қуана келісті.
Бұл келісім Або-қағанның жолын байлады. Көмекке келген Сүй әскері Ша-
болиөге қосылып, алғашқы қақтығыста-ақ Або-қағанды тықсырып қуып тас-
тады. «Жау жағадан алғанда, ит етектен» дегендей, Або-қаған Шаболиө мен
империяның біріккен күшіне қарсы алысып жатқанда, оның ордасын сырттан
абарлар келіп басып алып, әйелін, балаларын тұтқындап әкетті. Бірақ олар ел-
деріне қайтып бара жатқан жолда Сүй әскеріне кездесіп, Або-қағанның орда-
сын талаудан түсірген бүкіл олжасынан айрылып, өздері бастарын сауғалап әрең
қашып құтылды. Сүйліктер олжаның бәрін Шаболиөнің қолына әкеп табыс
етті. Осыған риза болған Шаболиө баяғы Або-қағанмен соғыспай тұрғанда ше-
кара бұзып, Сүй империясынан жаулап алған жердің бәрін өздеріне қайтарып
берді.
Бұл оқиға Сүй империясы мен Шаболиө арасын бұрынғыдан да жақындата
түсті. Осы жақындықты пайдаланған Шаболиө қорғанның ішкі жағына өтіп,
империя жеріне барып аң аулауға рұқсат сұрады. Император келісімін берді.
Шаболиө осы аңшылықтан ауырып оралды да, арада бір ай өткенде –
587 жылы, Ордасының тұрақты мекені Дужин тауында қайтыс болды. Қағанат-
та Бумын қаған қалыптастырған тәртіп бойынша Шаболиөнің орнына таққа
інісі Чулохыу отыруға тиіс еді. Өлерінің алдында Шаболиөнің өзі де інісін таққа
отырғызуды тапсырған болатын. Бірақ Шаболиө Або-қағанның аймағын шап-
қанда Чулохыу ағасының бұл ісіне наразылық білдіріп, қарсы жаққа шығып кет-
кен болатын. Ағасының көзі тірісінде оған қарсы шығып, жауына айналған інісін
15-276
ол өлгеннен кейін орнына қаған етіп сайлаудың ретін таппаған кеңес мүшелері
амалсыз қалыптасқан тәртіпті бұзып, таққа Шаболиөнің баласы Оңұлықты
(Юнюйлюйді)1 отырғызуды ұйғарды. Бірақ әкесіне алғырлығы мен батырлығы
тартқанымен, мансапқұмарлығы тартпаған Оңұл

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға