Жетісу облысының Панфилов ауданында жеке тұрғын үйдің шатырының және ағаш қалқаны отқа оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында газ баллондар жарылысының алды алынды. 163 шаршы метр алаңды қамтыған өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

