El.kz

Өрт сөндірушілер Алматыда жанып жатқан автокөлікті 8 минутта сөндірді

27.07.2025 02:34

Алматы қаласы Медеу ауданында бүгін түнде жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілердің жедел және кәсіби әрекетінің нәтижесінде өрт шақыру түскен сәттен бастап 8 минут ішінде толық сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және сақтық шараларына мұқият болуға шақырып отыр. 

Бұған дейін Қостанай қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шығып, бірнеше адам өлімнен аман қалған болатын. Сондай-ақ, кеше кеште Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтерде өрт шықты.