Өрт сөндірушілер 10 автокөліктегі өртті сөндірді
20.09.2024 06:26
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Өткен тәулікте өрт сөндірушілер 10 автокөлік өртін сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бейсенбі күні Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында көлік өрттері тіркелген. Атап айтқанда ТЖМ күштерімен 5 жеңіл автомобиль мен 5 жүк көлігінің жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Осы ретте төтеншеліктер автокөлікті өрттен қорғау жолдарын ескертеді. Ол үшін:
- автокөлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
- жарамды өрт сөндіргішті әрқашан көлік салонында ұстаңыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

