Жаңалықтар

Өрт сөндіру және патрульдік техникалардың тозығы жеткен - Бектенов

Өрт сөндіру және патрульдік техникалардың тозығы жеткен - Бектенов
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 30.07.2024 11:46 432

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елімізде өрт қаупі кезеңнен өтудің ең өзекті мәселелерінің бірі бүгінде орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық жарақтандырылуының жеткіліксіздігі екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз өткен аптада ғана барып қайтқан «Семей орманы» резерватында орман мекемелеріндегі өрт сөндіру техникасының үштен бірі әбден ескірген, яғни оларды есептен шығару керек. Ал өртті анықтаудың ақпараттық жүйесі аумақтың 33%-ын ғана қамтиды. Баянауыл ұлттық паркінде өртті ерте анықтау жүйесі мүлдем жоқ. Өрт сөндіру және патрульдік техникалардың тозығы жеткен. Заманауи техника мен құралдардың болмауы қызыл жалынмен күресте жедел шаралар қабылдауды баяулатады», — деді ол.

Олжас Бектенов орман шаруашылығын өрт сөндіруге арналған заманауи жабдықтармен жабдықтау қарқынын арттыруды тапсырды.

2023 жылғы табиғи өрттер айтарлықтай зиян келтірді. Өртке қарсы күресте 15 адам қаза тапты, 116 мың гектардан астам орман қоры жойылды, материалдық шығын 160 млрд теңгеден асты.

Бүгінгі таңда үкімет табиғи өрттер кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың ден қою және өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Олардың алдын алу үшін шаралар кешені жүргізіледі. Бұл жұмыс жалғасатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға