Өрт-құтқару қызметкерлері экологиялық бастамаға белсене қатысты
22.06.2025 14:02
Фото:
gov.kz
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Макинск қаласында орналасқан әмбебап өрт-құтқару бөлімшесінде болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сапар барысында ол жеке құрам қызметінің жағдайымен танысып, техникалық жабдықталуын бағалады. Шыңғыс Әрінов бөлімше аумағындағы абаттандыру жұмыстарының барысына ерекше назар аударды. Соңғы айларда мұнда жаңа асфальт төселді, жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды және қызмет атқару үшін жағдай жақсартылды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 500-ге жуық ағаш пен сәндік өсімдіктер отырғызылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

