©Pixabay.com

Өрт қаупі, үсік: 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

21.09.2025 04:17

«Қазгидромет» РМК Астана, Шымкент және Қазақстанның 13 өңірі бойынша 21 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астана

Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкент

Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

Солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстікте және таулы аймақтарда 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қаласы: төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады, ал батыс, солтүстік-шығыс және орталық аумақтарда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі. Батыс, оңтүстік және шығыста төтенше өрт қаупі бар, ал солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал: түнде және таңертең тұман, жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

Батыс, оңтүстік және шығыста найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.
Атырау: түнде найзағай, төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Күндіз оңтүстікте найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстікте 15–18 м/с дейін күшейеді. Түнде солтүстік пен шығыста -1°С дейін үсік жүреді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды: түнде және таңертең тұман.

Жамбыл облысы

Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15–20 м/с жетеді. Батыс, солтүстік және орталық аумақтарда төтенше өрт қаупі бар.

Ұлытау облысы

Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз батыс пен оңтүстікте екпіні 15–18 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Түнде солтүстік пен орталықта найзағай мен дауылды жел күтіледі, сондай-ақ шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан, солтүстік пен орталықта 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

Түнде және таңертең шығыс пен таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстік пен шығыста 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысы

Түнде және таңертең оңтүстік пен батыста тұман күтіледі.
Павлодар: түнде және таңертең тұман.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аумақтарда тұман болады.

Маңғыстау облысы

Күндіз батыс, солтүстік және шығыста найзағай күтіледі. Түнде және таңертең орталықта тұман болады. Жел солтүстік-батыстан, түнде батыс пен оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар.
Ақтау: түнде солтүстік-батыс желі 15 м/с дейін жетеді.