Жаңалықтар

Өрт оқшауланды. Балқашта қамыс бықсып жатыр

Өрт оқшауланды. Балқашта қамыс бықсып жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.08.2023 01:34 1151

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыс өсімдіктерінің бықсуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 31 шілде күні сағат 20:08-де резерват ақпараты бойынша «Ғарыш Сапары» АҚ ғарыштық мониторингі деректеріне сәйкес жылу нүктелері анықталып, оның барысында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты  аумағының солтүстік-шығыс бағытында (1 блок, 1 және 3 учаске), яғни Балқаш ауданының Қараой ауылынан 90 км жерде орналасқан жетуі қиын, батпақты жерде қамыс өсімдіктерінің бықсып жатқаны анықталды. Оқиға орнына «Іле-Балқаш» МТҚ» ӨММ қызметкерлері жіберілді.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Аумағы анықталуда.

1 тамыз күні сағат 18:00-де өрт оқшауланып, қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.

Өртті сөндіруге «Іле-Балқаш» МТҚ» ӨММ-нен 11 қызметкер мен 4 бірлік  техника жұмылдырылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға