ҚР ТЖМ

Өрт кезінде тұрғындарды құтқарған астаналық марапатталды

20.09.2025 22:15

Астанада өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азамат марапатталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Елорданың ТЖД ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығына сәйкес Айдын Төлеген адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

18 қыркүйек күні Достық көшесіндегі мейрамханалардың бірінде өрт шыққан сәтте Айдын Төлеген еш ойланбастан тұрғын үй кешенінің ішіне кіріп, адамдарға өрт жайлы дер кезінде ескертіп, олардың қауіпсіз жерге шығуына көмектесті.

Оның батыл да жедел әрекетінің арқасында көптеген адамның өмірі сақталып, бұл іс нағыз ерліктің, адамгершілік пен азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісіне айналды, - делінген мәліметте.