«Орны толмас қаза»: Димаш ұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
27.12.2024 13:20
366
Халық әртісі Димаш Құдайбергенов Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындары көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеше Ақтау маңында бауырлас Әзербайжан мемлекетінің ұшағында қайғылы жағдай болды. Әзербайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздермен біргеміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Құтқарушыларға, дәрігерлерге және осы қиын жағдайда қолдарынан келген қамқорлығын жасап жатқандарға мың алғыс, – деп жазды әнші.
25 желтоқсан күні Бакуден Грозныйды бет алған ұшақ Ақтау әуежайының маңында құлап, 38 адам қайтыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды
Келесі жаңалық
Астанада жедел жәрдем қызметіне 50-ге жуық көлік берілді