Жаңалықтар

Орманшылардың өртке қарсы киіміне 918 млн теңге қаражат бөлінеді

Орманшылардың өртке қарсы киіміне 918 млн теңге қаражат бөлінеді
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 31.07.2023 11:40 1588

Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлері өртке қарсы киіммен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Оқи отырыңыз:

Құжатқа сәйкес Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді.

Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді деп көзделуде, - делінген Үкімет таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға