Мәдениет және ақпарат министрлігі

Орманшылар туралы алғашқы қазақстандық фильмнің түсірілімі аяқталды

Абай облысында «38» көркем фильмінің түсірілімі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, картина өткен жылғы питчингтің жеңімпазы атанды.

«38» – қазақ кинематографиясы тарихындағы орманшыларға арналған тұңғыш фильм. Лента табиғатқа жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау, орманшылардың еңбегі секілді мәселелерді ашып көрсетеді, - делінген мәліметте.

Түсірілім процесі Абай облысының көрікті аймақтарында өтті. Қоюшы режиссер Төребек Бейсебаевтың айтуынша, өрт сөндіру техникасымен жұмыс істеу түсірілімнің техникалық тұрғыдан ең күрделі кезеңі болды.

Сценарий авторлары – Нұржігіт Хайдаров пен Мақсат Жұмаханов, қоюшы оператор – Асылхан Медәлбеков, қоюшы суретші - Олжас Әлменов, продюсер – Нұржігіт Хайдаров.

Түсірілімге Алмат Сақатов, Асан Мәжит , Алтынай Нөгербек сияқты танымал актерлер қатысты.