Орман өртімен күреске қажетті техниканың 60%-ы ескірген – министр
08.12.2023 11:42
Фото:
© Pixabay.com
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман өрттеріне қарсы күрестің төмен тиімділігінің басты себептерінің бірі техникамен қамтамасыз ету жетіспеушілігі екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орман шаруашылығы басқармалары 68% техникамен қамтамасыз етілген. Техниканың 60%-дан астамы есептен шығаруға жатады, - деді министр.
Экология және табиғи ресурстар министрі берген ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 810 орман өрті тіркелді. Орман өртінің аумағы 116,8 мың гектарды құрады.
Еліміздегі мемлекетік орман қорының ауданы 30,9 млн гектар, оның ішінде орманмен көмкерілгені – 13,7 млн гектар. Ел аумағының ормандылығы 5% құрайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

