Жаңалықтар

«Ордабасы» клубының бас бапкері отставкаға кетеді - БАҚ

«Ордабасы» клубының бас бапкері отставкаға кетеді - БАҚ
Фото: «Ордабасы» ФК 27.10.2024 13:49 279

Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері Кирилл Кекер елорданың «Жеңіс» клубымен өткен ойыннан соң (1:2) командасына алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Meta-ratings.kz мәліметінше, маман клубтан кету туралы шешім қабылдап, тіпті өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш де жазып қойған.

Кекер «Ордабасына» биылғы маусымда белорус Александр Седневтің орнына келді. Ол жыл соңына дейін келісімшартқа қол қойған.

Бұған дейін ұжым сырт аалңда «Тобылдан» ұтылса, өз алаңында «Астанаға» есе жіберді. Осылайша, чемпиондыққа таласты жағдайын ушықтырып алды.

«Жеңістен» жеңілген соң еншісінде 39 ұпайы бар «Ордабасы» ҚПЛ турнирлік кестесінде екінші орында келеді. Шымкенттіктер «Қайраттан» екі ұпайға қалыс келеді.

23 ұпай жинаған «Жеңіс» оныншы орыннан тоғызыншы орынға көтерілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға