«Ордабасы» алты футболшысымен қош айтысты
17.11.2024 06:31
Фото:
instagram.com/fc__ordabasy
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы бірден алты ойыншысымен қош айтысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Клубтан кеткендер қатарында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен, қақпашы Сергей Игнатович, қорғаушылар Игорь Пластун мен Режиналдо, жартылай қорғаушы Ловро Цвек, шабуылшы Артем Беседин бар.
Айбол биыл шымкенттік команда сапында 25 ойын өткізді. Ал Сергей Игнатович – 8 матчқа, Игорь Пластун 23 матчқа (3 гол), Режиналдо – 13 матчқа (1 гол), Ловро Цвек – 16 матчқа, Артем Беседин 16 матчқа (4 гол) қатысқан.
«Ордабасы» маусым қорытындысы бойынша төртінші орынға тұрақтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

