Қазақстан құрамасының мүшесі Оразбек Асылқұлов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
57 келі салмақта сынға түскен боксшы Дубайда өтіп жатқан ІВА әлем біріншілігінің 1/8 финалында Эсватини спортшысы Мукело Дламиниді нокаутқа түсірді.
Бұған дейін 51 келідегі отандасымыз Даниял Сәбит те турнирдің келесі сатысына өтіп, Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті айқын басымдықпен ұтқан болатын. Сондай-ақ 54 келіде Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиді оңай еңсерсе, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов IBA-PRO лигасынан келген Хосе Мануэль Агуйре Крузды үйіне қайтарды.
Ал 86 келідегі Дәулет Төлемісов өзбекстандық боксшыдан жеңіліп, чемпионаттағы жорығын 1/8 финалда аяқтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

