Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының ширек финалына өтті
01.12.2024 13:17
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Азия чемпионатында қазақстандық Оразбек Асылқұлов мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды. Аталған сында 57 келіде сынға түскен Оразбек Асылқұлов алғашқы айқасында Малайзия өкілі Мохамад Зүльхайнды екінші раундта ұтты. Енді жерлесіміз 5 желтоқсанда рингке көтеріледі.
Бұған дейін 67 келіде Дулат Бекбауов жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған еді. Айта кететін жайт, аталған турнирге қатыспай тұрып еліміздің 5 боксшысы жүлдегер атанды.Олардың барлығы жарысты жартылай финалдан бастайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

