Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына жолдама алды
08.12.2024 13:48
Фото:
Бокс федерациясы
Ұлттық құрама боксшысы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының жартылай фиалында айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Боксшымыз бүгінгі жекпе-жегінде моңғол боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Осылайша қазақ спортшысы финалға жолдама алды.
Отандасымыздың ақтық сындағы қарсыласы Өзбекстан-Филиппин кездесуінде анықталады.

