Оралдағы түнгі клубта ер адамды пышақтап кеткен күдіктілер ұсталды
21.01.2025 02:21
Фото:
Видеодан кадр
Оралда түнгі клубтардың бірінде ер адамға дене жарақатын салған 2 күдікті ұсталды. Қанды оқиға қаңтар айының басында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО ПД дерегінше, ұсталғандар бұрын сотты болғандар, екеуі де БҚО тұрғындары.
Алдын ала мәлімет бойынша жергілікті криминалдық топтың өкілдері қатысқан төбелес кезінде қатысушылардың бірі жиналмалы пышақ қолданып, қарсыласына дене жарақатын салған. Арнайы бөлініс қызметкерлерінің көмегімен күдіктілерді жеке тінту және тұрғылықты жерінде санкцияланған тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше суық қару тәркіленген.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

