Төтенше жағдайлар министрлігі

Оралдағы моншада өрт шықты

12.10.2024 04:11

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында монша өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Веселый көшесі 2-ші саяжай ауданында болған.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында 50 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталуда.