Жаңалықтар

Оралдағы екі өзен қауіпті деңгейден асып кетті

Оралдағы екі өзен қауіпті деңгейден асып кетті
Фото: Видеодан кадр 03.04.2024 09:14 764

Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Бұл туралы БҚО әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Деркөл өзенінің гидробекетінде судың деңгейі 708 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгей 600-650 см. Ал, Шаған өзенінің гидробекетінде 1264 см құрады. Сонымен қатар Жайық өзенінің деңгейі бүгінгі күні 583 см-ді құрады.

Шаған мен Деркөл өзені максималды деңгейде бір арнада тоғысты. Жайық өзенінің көтерілуі және екі өзеннің тоғысуы судың ағыспен кетпей, сыртқа шығуына алып келді. Осының салдарынан өзен сулары арнаға сыймай, Орал қаласындағы Самал шағын ауданына жайыла бастады. Қазіргі уақытта Самал шағын ауданының тұрғындарын қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге көшіру жүргізілуде. Төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеуде, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Самал шағын ауданына барып, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @batys_kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға