Жаңалықтар

Оралда үстіне футбол қақпасы құлаған бала мерт болды

Оралда үстіне футбол қақпасы құлаған бала мерт болды
Фото: halyq-uni.kz 31.07.2022 04:44 1244

Қайғылы оқиға қаладағы спорт алаңдарының бірінде болған, деп хабарлайды El.kz.

Mgorod.kz сайты мәлімдегендей, 11 жастағы Нұрәмір Сапарбеков жақын маңдағы көпқабатты үйдің бірінде тұрған. Баланың әжесі Ғалия Есеналиеваның айтуынша, оның немересінің достарымен футбол алаңында ойнауға кеткен, алайда 15 минуттан кейін оның достары Нұрәмір туралы хабарлаған.

– Оқиға орнына жүгіріп барсақ, жердің бәрі қан-қан. Үміт үзбей "жедел жәрдемді" күттік. Уақыт өтпей қойғандай болды. Дәрігерлер келгенде немерем ес-түссіз еді. Олар алғашқы көмек көрсетті де алып кетті. Кейін оның ауруханада қайтыс болғанын естідік, — деп еске алады Ғалия Есеналиева.

Оның айтуынша, футбол қақпасы дұрыс бекітілмеген. Жергілікті шенеуніктер қайтыс болған баланың отбасына келіп, кешірім сұрап та үлгерген.

– Неге бізде бәрі осылай болуы керек? Қайғылы жағдай болмайынша ешкім қозғалмайды. Неге қақпаны Нұрәмір қайтыс болғаннан кейін бекітіп қойды? Неліктен камералар жұмыс істемейді? Қанша бала ойнап жүр емес пе? Былтыр да осындай жағдай болған, — дейді баланың ағасы Ерлан Есеналиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға