Жаңалықтар

Оралда Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі ашылды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Оралда Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі ашылды
Фото: gov.kz 28.10.2022 15:33 2188

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің (УММТУ) өкілдігінің ашылу салтанатын өтті, деп хабарлайды El.kz

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Уфа мемлекеттік мұнай университетінің ректоры Олег Баулин, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, БҚАТУ басшылығы және кәсіпорын басшылары мен аймақ жұртшылығының өкілдері қатысты.

УММТУ жаңа өкілдігінің басты міндеті интеграцияланған халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігін құру арқылы екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығын кеңейту және нығайту болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстанда да, Ресей Федерациясында да өзара өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ Уфа университетінің жазғы мектебі базасында Жәңгір хан университетінің студенттері үшін арнайы оқыту ұйымдастыру жоспарланып жатыр.

Ашылу салтанатынан кейін қонақтар «Өңір экономикасына арналған ғылым» ғылыми әзірлемелер көрмесінің экспонаттарымен және «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы шеңберінде «Erasmus+» жобасы бойынша робототехникалық жүйелер зертханасының жұмыс нәтижелерімен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға