ТЖМ баспасөз қызметі

Оралда ТЖМ құтқарушылары қала тұрғынының сақинасын "шешіп берді"

05.05.2025 00:28

ТЖМ құтқарушылары Орал қаласында егде жастағы әйелге көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1958 жылы туған әйел саусағындағы сақинаны өздігінен шеше алмай 112 жедел қызметінің көмегіне жүгінген.

ТЖМ қызметкерлері тістегіштің көмегімен сақинаны әйелдің саусағынан шешті. Оған медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.

Бұл ретте ТЖМ тарапы төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалуды қаперге салады.