Оралда терминалдан ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды
03.04.2025 10:37
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
28 наурыз күні кешкі уақытта Оралдағы сауда үйлерінің бірінде белгісіз адамдар банк терминалының ұяшығынан 680 мың теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, бұл қаражат 53 жастағы қала тұрғынына тиесілі болған. Ол ақшаны банкнот қабылдағышына салып, операция аяқталды деп ойлап, алыстап кеткен. Дәл осы сәтте техникалық ақау болып, күдіктілер жағдайды пайдаланып кеткен.
Полицейлер үш күдіктіні ұстады. Олар ұрланған ақшаны өзара бөлісіп алған. Ұсталғандардың бірі бұрын сотталғаны белгілі болды, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

