Оралда төбелескен ресейліктер ел аумағынан шығарылады
03.10.2022 19:00
Фото:
polisia.kz
Орал қаласында төбелеске қатысқан шетелдіктерді республика аумағынан шығару туралы сот шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, БҚО ПД Жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Оралдың түнгі клубтарының бірінің жанында ер адамдардың төбелесін байқады. Полиция қызметкерлері оқиға орнында мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

