Жаңалықтар

Оралда сот ғимараты мен газет редакциясына бомба қойылған

Оралда сот ғимараты мен газет редакциясына бомба қойылған
Фото: eferrit.com 08.04.2023 11:23 804

Оралда қалалық сот пен газет редакциясына бомба қойылғаны туралы жалған хабар түскен, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 сәуір күні кешкісін болды.

Сағат 18:26 мен 21:30 аралығында Орал қалалық соты мен «Мой город» газетінің электронды поштасына («mg_500678@mail.ru») allahshahid@mail.ru электронды мекенжайынан хат түскен.

Онда Андрей Петров деген шаһидтің аталған ғимараттарда 100 кг тротил қойғаны, көп ұзамай жарылатыны айтылған.

Аталған деректер бойынша материалдар Абай полиция бөлімінің бірыңғай тізілімінде тіркелді. БҚО полиция департаменті жедел тергеу тобының қызметкерлері аталған нысандарды тексерген кезде жарылғаш зат табылған жоқ. Қызметкерлерді эвакуациялау жүргізілмеді. Қазіргі кезде күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабына (көрінеу жалған ақпарат тарату) сәйкес айыпты деп танылған адамның бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға