ТЖМ қызметкерлері 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін Орал қаласына қарасты Зачаганск кентіндегі Монкеұлы көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 6-қабатындағы ас үй мен балконнан өрт шықты.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер қызыл жалынды қысқа мерзімде сөндіріп, оның пәтердің қалған бөлмелеріне және басқа балкондарға таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіру кезінде баспалдақ арқылы 15 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Өрт жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.
Ведомство төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуға шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

