Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Оралда «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлік негізі» атты жиын өтті

10.05.2025 21:43

Орал қаласында мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі мен маңызына арналған жиын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға облыс әкімдігінің қызметкерлері, Ұлттық құрылтай мүшелері, Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, ЖОО мен мектеп оқытушылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оған қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен ұлттық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды.

Спикерлер орталықтың атқарып жатқан жұмыстары жайында сөз қозғап, мемлекеттік рәміздер тарихы мен заңнамаға сәйкес мемлекеттік рәміздерге қатысты жауапкершілік түрлерін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді ұлттық құндылық тұрғысынан насихаттаудың мәні мен маңызына тоқталды. Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.