Жаңалықтар

Оралда мектеп оқушысы сыныптасын пышақпен жарақаттады

Оралда мектеп оқушысы сыныптасын пышақпен жарақаттады
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.10.2024 05:41 479

Орал қаласында жалпы білім беретін орта мектептердің бірінде екі жоғары сынып оқушысы арасында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, үйге қайтып келе жатқан кезде ойын барысында оқушының бірі екіншісін аяғынан жарақаттаған.

Аталған дерек бойынша балалардың ата-аналары бір-біріне шағым түсірмеген. Алайда полиция оқушының бірінің ата-анасын бала тәрбиелеудегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жасөспірімдер алдын ала есепке қойылды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жалғастыруда, - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 23 қазан күні сағат 17.27-де пышақ жарақаты бойынша жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы 2008 жылғы жасөспірімді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жарақат пунктіне жеткізді. Жарақат өңделгеннен кейін сол жер жансыздандырылып, тігілген. Амбулаторлық ем тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға