Жаңалықтар

Оралда мас жүргізуші полиция қызметкерлеріне шабуылдады

Оралда мас жүргізуші полиция қызметкерлеріне шабуылдады
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 08.06.2024 22:35 1132

Оралда көліктегі мас жолаушы полицейлерге кедергі келтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 маусым күні таңертең патрульдік полиция Ихсанов көшесінде Lexus автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушысы мас болған. Жүргізушіні медициналық мекемеге жеткізбек болған тәртіп сақшыларына көліктегі жолаушы кедергі келтіріп, бағынбаған.

Сараптама нәтижесі бойынша Lexus жүргізушісі орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, - делінген мәліметте.

Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға