Жаңалықтар

ОРАЛДА КӘРІС МӘДЕНИЕТІНІҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КӨРМЕЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР КӨРСЕТІЛДІ

ОРАЛДА КӘРІС МӘДЕНИЕТІНІҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КӨРМЕЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР КӨРСЕТІЛДІ
13.11.2018 02:55 2329

Орал қаласында кәріс мәдениеті күні аталып өтті. Оны жыл сайын «Кәріс этномәдени бірлестігі» өткізіп келеді. Қонақтар кәріс мәдениетінің салт-дәстүрлерімен танысып, халықтық өнерді тамашалады.

Шараға этномәдени бірлестіктер, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдық бөлімшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шараның салтанатты бөлімін кәріс этномәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Григорий Тё кіріспе сөзімен ашты: «Қазақстанды мекендеген сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері елі­міздің Тәуелсіздік алуымен бірге, өздерінің дәстүрі, мәдениеті мен тілін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жай ғана сөз емес – тә­уелсіздік алғалы бері Елбасы ұс­танып келе жатқан саясаттың басты бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда этномәдени орталықтар мем­лекетаралық қарым-қатынас­тардың тірі көпіріне айналып отыр. Кәріс халқы еңбексүйгіш, ісі мен сөзіне берік, адал. Мерекелеріңіз құтты болсын», – де­ді еңбек ардагері.

Сонымен қатар, қатысушылардың барлығын «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы М.Қамбетов мерекемен құттықтап, кәріс диаспорасы өкілдерінің Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Концерттік бағдарламада «Көркем» квартеті, «Жаңғыру жолы» ансамблі, жеке шығармашылық әртістер өнер көрсетіп, шара соңында көрермендерге кәріс халқы туралы сұрақтар қойылып, лотереялар ойнатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға