Оралда есірткі жасыру үшін магнит қолданған азамат ұсталды
22.12.2023 04:32
Фото:
ІІМ-нің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының есірткіге қарсы күрес басқармасы Деркөл ауылында Орал қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тінту кезінде одан салмағы 20,5 грамм мефедрон мен магнит салынған 20 дана zip-пакет табылды.
Ер адам пакеттерді құбырларға бекіткен, кей жағдайда жерге тастап кеткен. Осылайша, есірткі тұтынушылар металл арқылы керек заттарын таба алатын болған.
Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

