Жаңалықтар

Оралда есірткі қойып кетумен айналысқан оқушы ұсталды

Оралда есірткі қойып кетумен айналысқан оқушы ұсталды
Фото: © Polisia.kz 14.09.2023 14:24 976

Оралда синтетикалық есірткі затын сату үшін жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жастағы оқушы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кешенді жоспар аясында есірткі қылмысына қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді. 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика аумағында есірткі дақылдарын өсіретін жерлерді және олармен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция департаментінің қызметкерлерімен 94 есірткі қылмысына қатысты құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 44 қылмыс және 55 қылмыстық әрекет анықталды.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Орал қалалық ПБ қызметкерлері жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жастағы қала мектептерінің бірінде оқитын 11 сынып оқушысын қолға түсірді.

Ол қылмыс үстінде ұсталды, оны жеке тінту кезінде ішінде ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған жасыл түсті изолентамен оралған 2 қаптама табылып, тәркіленді. Оның телефонын тексеру кезінде жасыру орындарының координаттары анықталды, оның көмегімен ішінде арнайы иісі бар ұнтақ салынған жасыл түсті изолентамен оралған 23 қаптама тәркіленді. Сараптама бойынша тәркіленген заттың салмағы 20,18 грамм болатын синтетикалық есірткі заты екенін анықталды, - делінген ақпаратта.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға