Оралда дроппер қолға түсті
Оралда қырағы тұрғындардың бірі дропперді ұстауға көмектесті. Бұл Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
11 қазан күні Абай полиция бөлімінің кезекші бөліміне Орал қаласының тұрғыны хабарласып, тапсырыс бойынша егде жастағы әйелдің сәлемдемесін жеткізгені күдік тудырғаны туралы хабар берді. Ол айтылған мекенжайға барған кезде алдынан жасы үлкен әйел шығып, сөмкені ұстатады.
Содан бұл жерде бір шикіліктің барын сезіп, жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарлауды жөн көреді. Полицияның жедел уәкілдері тез арада аталған жеткізушімен байланысып, алаяқтың ізіне түседі.
Анықталғандай, Орал қаласының 84 жастағы тұрғынына белгісіз біреулер хабарласып, өздерін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, оған қызының жол-көлік апатына түскенін және оны реттеу үшін қомақты ақша қажеттілігін айтып, келген курьер арқылы беріп жіберуін талап етеді. Қоңырау шалушылардың сөзіне сенген зейнеткер алаяқтарға 1000 АҚШ долларын және 300 мың теңге ақшасын беріп жіберген.