Жаңалықтар

Оралда дәмханадағы өрттен зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Оралда дәмханадағы өрттен зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: © El.kz 23.10.2023 06:14 662

Орал қаласында «Арбат» дәмханасындағы өрттен зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, дәмханадағы өртке байланысты жедел жәрдем кеше сағат 22.07-де шақырылды.

Жедел жәрдем бригадалары алты минуттан кейін оқиға орнына жеткен. Жеңіл дәрежедегі газдан уланған 17 жастағы қыз бен екі бозбала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін үшеуі де амбулаториялық ем алуға жіберілді. 46 және 25 жастағы екі ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Жансақтау бөлімінде жатқан олардың жағдайы ауыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға