Оралда басына кірпіш құлап мерт болған әйел туралы тың деректер айтылды
Жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатып, басына кірпіш құлап қайтыс болған елу жастағы әйел саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оралдық полицейлер қала тұрғынының өліміне кінәлілерді іздеп жатыр.
Педколледже сабақ беріп жүрген. Жүгіріп жүрген оқытушы, ауырған жоқ, жатқан жоқ. Басына кірпіш құлағанда сол жерде жан тапсырған деп естідік, жанымыз түршікті, - дейді марқұмның әріптесі.
Директордың орынбасары қызметін атқарған ол желтоқсан айында 50 жасқа толады екен. Полиция оқиға тапа-тал түсте қаланың орталық көшесінде болғанын айтады. Төрт қабатты бірнеше үйдің жанынан жаяу жүргіншілер жолы өтеді екен. Бірақ Гүлнәр Нұрашева қаланың басқа шетінде тұрады. Бұл жерге жеке шаруасымен барған. Сол жерден өте бергенде шатырдан басынан кірпіш құлап түскен.
1960 жылдары салынып, ешқашан күрделі жөндеу көрмеген үйдің шатырында кірпіштер шашылып жатқан. Оны біреу әдейі лақтырды ма, әлде өздігінен құлады ма, оны полиция анықтайды.