Оралда автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан әйел адам көз жұмды
Фото: instagram.com/policebqo
Фото: instagram.com/policebqo
01.05.2023 19:39
1161
Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 1 мамыр күні, сағат 13:00 шамасында Құрманғазы көшесіндегі аялдамада болған.
1970 жылғы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Тойота Камри» маркалы автокөлігіне соқтығысып, салдарынан 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апатынан 1965 жылғы әйел адам ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Оралда жолаушылар автобусы өртенді