Оралда ауыр жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды
Мөлдір Қайнар тілші
15.11.2024 14:06
Фото:
mgorod.kz
Орал орталығында жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, ауыр жүк көлігі Менделеев көшесімен келе жатып, Hyundai жеңіл көлігіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан екі көлік те қоршауды бұзып өтіп, №36 мектеп ғимаратына соғылған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты 14 қарашада таңғы уақытта болған.
Әзірге Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір білдірмеді.
Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

