Жаңалықтар

Оралда ақша бопсалаумен айналысқан 3 адам ұсталды

Оралда ақша бопсалаумен айналысқан 3 адам ұсталды
Фото: Видеодан кадр 03.12.2023 17:44 910

БҚО ПД экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күшпен 1992 жылы туған Орал қаласының тұрғынынан 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған 1984 жылы туған тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Тексеру барысында күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда ешқандай шешім шығармағаны белгілі болды.

Сондай-ақ БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 және 20 жастағы үш тұрғынды ұстады. Олар күшпен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Ұсталғандар Орал қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған екі фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Оларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерз аімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға